Тұрғындарға 8000 ақпараттық парақша таратылды
Саран қалалық Ұлттық коалиция мүшелері алдағы референдумға дайындық аясында белсенді түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгін қала аумағында «Есіктен – есікке» атты арнайы акция ұйымдастырылды. Акция барысында коалиция мүшелері тұрғындарды аралап, әр үйге барып, референдумның маңызы мен мақсаты туралы кеңінен ақпарат берді.

Жалпы саны 8000 ақпараттық парақша тұрғындарға таратылды. Акция кезінде азаматтарға референдумның мәні, оның ел дамуы үшін маңыздылығы түсіндірілді. Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.
Іс-шара барысында қаладағы әрбір шағынауданда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халыққа толық ақпарат жеткізуге ерекше көңіл бөлінді. Осындай кездесулер арқылы тұрғындардың саяси сауаттылығын арттыру және референдум туралы нақты мәлімет беру мақсат етілді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



