Тұрғын үйге қатысты сұрақтарға жауап беретін чат-бот іске қосылды
Қазақстанда тұрғын үй мәселелері бойынша жаңа iDos чат-боты іске қосылды. Қызметті «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» сайтының пайдаланушыларына арналған деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі informburo.kz – ике сілтеме жасап.

iDos жалға берілетін тұрғын үй, коммуналдық қызметтер, үйді басқару және жөндеу жұмыстарына қатысты сұрақтарға жауап береді. Атап айтқанда, чат-бот арқылы:
• қарызды мерзімінен бұрын қалай өтеуге болатынын;
• ОСИ (үй иелері бірлестігін) қалай құру керегін;
• күрделі жөндеу қалай жүргізілетінін;
• жөндеу жұмыстарының түрін қалай анықтауға болатынын білуге болады.
Чат-бот www.homeportal.kz сайтының жоғарғы бөлігінде және жеке кабинеттегі «Жеке тұлғаларға» бөлімінде қолжетімді. Қызмет қазір бета-нұсқада жұмыс істеп тұр, функционалы кезең-кезеңімен жетілдіріледі.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



