Бас тақырып

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттарын электронды түрде жасауға болады

Мәжіліс құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Заң тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. Ол 2024 жылғы 11 желтоқсанда бірінші оқылымда мақұлданған еді.

Сурет m.noks.kz

Түзетулер аясында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттарын электронды форматта жасау мүмкіндігі және басқа да шаралар қарастырылған. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар шарттарды бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы есепке алуға міндетті болады.

Депутаттар түзетулермен жұмыс барысында аз қабатты құрылысты «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның қолданылу аясына енгізуді ұсынды. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй кешендерін салу кезінде құрылыс салушылар мен уәкілетті компанияларға қатысты талаптар белгіленді. Депутаттар енгізген түзетулер салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті сатып алу төлемдерін жүзеге асыруға қатысты түзетулер енгізіліп отыр.

Бұл ретте тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта үлескерлердің ақшасын тартуға арналған рұқсаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету міндетті болады. Бұдан бөлек мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін инватакси қызметін заңнамаларда алғаш рет айқындап, оны әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұйымдастыру мүмкіндігі ұсынылды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button