Тұрғылықты жері бойынша мобильді қосымшаның көмегімен тіркелуге болады

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын полиция қызметін цифрландыру шеңберінде осы жылдың сәуір айынан бастап «Halyk Homebank» мобильдік қосымшасы арқылы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ІІМ ЦДИАӨМ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесіп, азаматтарға «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметін мобильді қосымшасы арқылы көрсету қамтамасыз етілген.

Бұл жаңашылдық қазақстандықтарға смартфонда 5 минут ішінде тұрғылықты жері бойынша және уақытша тұрған жері бойынша тіркелуге мүмкіндік береді, бұл бүгінгі күні ХҚКО-да көрсетілетін, сондай-ақ «электрондық үкімет» порталында және eGov mobile порталының мобильдік қосымшасында көрсетілетін қолжетімдіқызметті алуды жеңілдетеді.

Ол үшін смартфоныңызға «Halyk Homebank» мобильді қосымшасын жүктеп, «Мемлекеттік қызметтер» қойындысында – «Халықты тұрғылықты жері бойынша тіркеу» тармағын таңдап, тіркеу түріне (тұрақты немесе уақытша), тіркеу мерзіміне (қажетті мерзім көрсетіледі), қызмет алушының мәртебесіне байланысты (тұрғын үйдің меншік иесі болып табылады немесе болып табылмайды) жолдарды толтыру жеткілікті.

Қызмет көрсету нәтижесі туралы «Тарих» бөлімінен білуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, ел Президенті Қ.Қ.Тоқаев Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде адамдардың алдында тұрған проблемаларға назар аударды. Ол бұл процестерді толығымен цифрландыруды тапсырды.

«Қағаздар үйіндісі, азапты жүріс. Бұл процестерді толығымен цифрландыру қажет. Адамдар емес, мәліметтер «жүгіруге» тиіс. Ведомствоаралық өзара іс-қимылда және азаматтармен қарым-қатынас кезінде қағазды пайдаланудан бас тартуға ұмтылу қажет», — деп атап өтті Мемлекет Басшысы.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарына ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі күні ІІМ ведомствосы көрсететін 40 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 38-ін автоматтандырды.

Бұл оң нәтиже береді. Халықтың полициямен байланысы қысқаруда. Азаматтар өз уақытын үнемдейді, өйткені мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар анықтамалар мен мәліметтерді жинау қажеттілігі жойылды. Мемлекеттік қызметті үйден немесе кеңседен шықпай алу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезеңдері мен мерзімдері қысқартылды. Оларды көрсетудің ашықтығы қамтамасыз етілді, өйткені кезеңдерді, сондай-ақ қабылданған шешімнің уақтылығы мен жан-жақтылығын қадағалауға болады.

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.