Денсаулық
Тұмаумен ауырғандар анықталса, мектепте сабақ болмайды
Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша “тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялар әсерінен сыныптағы оқушылардың 30% немесе одан да көп бөлігі ауырып қалса, бүкіл сынып онлайн оқытуға көшеді” деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі BAQ.KZ сілтеме жасап.

15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе егу басталады, 1 қыркүйекке дейін егуге жататындардың тізімі жасалады. 10 қыркүйекке дейін барлық медициналық ұйымдар эпидемиялық маусымға дайындықты аяқтауы тиіс.
Мектеп оқушыларының 20-30 пайызы ауырып қалса, сыныптық жүйе уақытша тоқтатылып, он күн бойы бұл сыныпқа жаңадан келген балалар қабылданбайды.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ