Бас тақырып

Тұмауға қарсы екпе басталды

Эпидемиологиялық маусымның қарсаңында тұмауға қарсы екпе жасату науқаны 10 қыркүйектен бастау алады.

Мамандардың айтуынша, медициналық қызметкерлер, қант диабеті, жүрек-қантамыр және бронхо-өкпе жүйесі, бүйрек ауруларымен диспансерлік тіркеуде тұрған балалар мен ересектер, жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі әйелдер, 3 жасқа дейінгі балалар, балалар үйі, қарттар үйіндегі адамдар, сондай-ақ, 60 жастан асқан адамдар екпені тегін жасата алады.

Сонымен қатар, қызылша ауруының таралуына байланысты 15 қыркүйектен бастап қосымша иммундау жүргізілетін болады. Елдің бас санитар дәрігерінің қаулысымен 20-29 жас аралығындағы қазақстандықтарға қызылшадан екпе жасалады. Бұл ретте мамандар алыс-жақын шет елдерге оқу немесе жұмыс істеу мақсатымен бар үшін қызылша, қызамық сынды ауруларға қарсы екпенің болуы қажет екен алға тартады.
Екпе тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген емханаларда жасалады. Сондай-ақ, профилакткиалық екпе жасауға құқығы бар арнайы оқудан өткен бригалар да иммундау шарасын жүргізе алады.
Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button