Спорт

«Тұлпар» – алаңда!

Қазақстанның титулды командасы «Тұлпар» алаңға оралды. Ұжым биыл бірінші лигада топ жарған соң, Премьер-Лигаға жолдама алды және жоғары дивизионда өнер көрсететіндерін ресми түрде растады.

Сурет клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

«Тұлпардың» Қазақстан футзалындағы алар орны бөлек. Жеңілісте де, жеңіс­те де бірге болатын жанкүйерлері де, талай жыл қалыптастырған дәстүрі де бар ұжым. 2001-2016 жылдар аралығында Қазақстан чемпионатының 13-іне қатысып, соның онында жүлдегерлер қатарынан көріне білді.

Қазақстан кубогының үш дүркін жеңімпазы және суперкубок иегері. Команда екі рет чемпиондар лигасының элиталық раундына қатысқан. «Тұлпар» шәкірттері ұзақ жылдар бойы Қазақстан ұлттық құрамасының сапын толтырып келді. Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Арнольд Кнауб, Ақжол Дәрібай сынды саңлақтар шыққан. Осы күнде халықаралық ареналарда ұлттық құраманың қақпасын күзеткен атақты Игитаның өзі «Тұлпардан» түлеп ұшқан.

Ұжымның бапкері Әміржан Мұқанов­тың кезінде «Тұлпар» алматылық «Қайратқа» сес көрсетер жалғыз ұжым болды. Сес көрсетіп қана қоймай, талай мәрте жарыс жолынан шығарған.

Қазақстандық футзалдың аты аңызға айналған «Тұлпары»…

Ерік НАРЫН,
Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button