Түлектер ұшқан ұясында бас қосты
Биыл филология факультеті журналистика кафедрасының ашылғанына – 30 жыл толды. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жоғары мектебінің академигі Зарқын Тайшыбай негізін қалаған кафедрадан бүгінде елге танымал қаншама түлек түлеп ұшты. Осы мереке қарсаңында факультеттің 1998 жылдан 2023 жыл аралығында бітірген түлектер, әр жылдары журналистика кафедрасында қызмет еткен оқытушылар құрамы бас қосып, мерекені атап өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатында академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Басқарма төрағасы – ректор Нурлан Дулатбеков сөз сөйлеп, «Buketov Radioсын» бас ғимараттан филология факультеті ғимаратына көшіру жайлы жаңалығымен бастады.
Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов те арнайы қатысып, осы салада жүрген үздік журналист-түлектерді тілге тиек етті.
Форумға «Alatau – Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Төлек арнайы келіп, Е.Бөкетов университеті мен «Alatau – Aqparat» медиахолдингі екіжақты меморандумға қол қойды.
Енді факультеттің «Журналистика» және «Қоғаммен байланыс» мамандығының студенттері «Almaty Aqshamу», «Вечерний Almaty» және медиахолдинг сайтынан өндірістік іс-тәжірибеден өте алады.
Форумнан кейін алдын-ала бекітілген спикерлер студенттерге түрлі тақырыпта дәріс оқыды. Іс шара жайындағы толық ақпаратты газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz