Руханият

Түлектер еңбегі музейде

Облыстық бейнелеу өнері музейінде №1 балалар көркемөнер мектебі түлектерінің шығармашылық жобасын қорғау жиыны өтті. Музей мектеп оқушыларының жұмысын қорытындылауға салтанатты жағдай жасап, ерекше мән берді. Мұндай қарым-қатынас оқушыларды өнерге  бейімдеудің бірден-бір жолы болып табылады. 

Көптеген жылдар бойы  көркем­өнер мектебінің балалары мен музей арасында «Жас түлек»  жобасы аясында шығармашылық ынтымақтастық беки түс­ті. Мектеп оқушылары кең аудитория­да ата-анасы мен курстастары  алдында жұмысын қорғайды. Бұл мұғалімдер мен оқушылардың емтиханы әрі оқу қызметінің есеп беру көрмесі.  Бағдарлама бойынша балалардың қорытынды жұмысы ұсынылған.

Соңғы жылдардағы экспозицияларға қарасақ оқушылар мен олардың жетекшілерінің жыл санап дамығанын білуге болады. Мектеп, ең алдымен, балалардың шығармашылық эмоционалды-эстетикалық көзқарасын дамытуға арналған. Бұл өз бетінше шығармашылық түрде ой­лау қабілетін шыңдайды. Балалардың жұмыстары аралас, әртүрлі техникада, түрлі стильде орындалған. Көптеген жұмыстар біздің көпұлтты және түрлі дәстүрлерге толы өлкеміздің бірегей сипатына негізделген. Бұл оқушылардың патриотизмін, рухын, туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсетеді. 

Әр баланың жұмысында ұстаздың елеулі еңбегі жатқаны мәлім.  Ұстаздың кәсіби тұрғыдан қолдауы шығармашылық тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер ететінін  айта кету керек.

«Жас түлек – 2023»  4 сынып оқушыларын дайындаған жетекші мұғалімдер:  А.Са­рым­сақова, Т.Алешина, А.Орлов. Олар шабыттандырушы, шығармашылық тұлғаның жетілуіне елеулі үлес қосқан жетекшілер.

Шара соңында «№1 балалар көркем­өнер мектебі» түлектеріне мектепті бітіргені туралы куәлік салтанатты түрде табысталды.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button