Жаңалықтар

Түлектер ант қабылдады

«Қарағанды қаласындағы М.Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектептің 51 түлегі әскери ант қабылдады», – деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға қалалық әкімдік пен қалалық мәслихаттың қолдауымен Октябрь ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Аймағамбетов пен әскери-техникалық мектеп басшысы Д.Данилевский ұйытқы болды.

Қырық күндік оқу-жаттығу кезінде оқушылар әскери тәртіпке бейімделіп, қару-жарақ түрлерін қолдану сияқты жауынгерлік әдістерді үйренді.

Әскери-техникалық мектептің түлектерін Октябрь ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Сәтбек Әбдіқалықов, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, Ұлы Отан соғысының ардагері Бүркіт Есжанов, қоғам қайраткерлері, қалалық әкімдіктің өкілдері, әскери-техникалық мектеп оқушыларының ата-аналары және қала тұрғындары құттықтады.

Салтанатты шараға Кеңес Одағы Батырының қызы Клара Мамыраева қатысып, оқушыларға құттықтау тілегін айтып, өз елінің лайықты азаматтары мен қорғаушылары болуға шақырды.

Айта кету керек, Октябрь ауданы ардагерлер кеңесі әскери-техникалық мектеппен және «Әсем» пәтер иелері кооперативімен бірлесіп, демалыс орындары мен аллеялардағы тәртіпті қадағалап, гүлденуіне атсалысуда.

 Ресми шара «Теміржолшылар» мәдениет сарайы артистерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button