Жаңалықтар

Төлеген топ жарды

Алматы қаласы күні аясында Алатау ауданының 10 жылдығы мен «Алматы ақшамы» газетінің 30 жылдығына арналған «Алатауым – алтын ұям» атты республикалық айтыс өткен еді. Нәтижесінде, алдына қара салмаған жерлесіміз, жезқазғандық Төлеген ЖАМАНОВ бас жүлдені қанжығалап, су жаңа автокөлікті тақымға басты.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен додаға жерлесімізден бөлек, Бекарыс Шойбеков, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Әсем Ереже, Рүстем Қайыртай, Мұхтар Ниязов, Қалижан Білдәшев, Шұғайып Сезімхан, Біржан Байтуов, Қазірет Бердіхан, Қанат Мырзахан, Ершат Қайболдин, Ержан Әміров, Рауан Қайдаров, Саягүл Бірлесбек, Абай Жолмағанбетов, Талғат Мықи, Арғынбек Қалжан қатарлы азулы ақындар қатысқан болатын.

Сондай-ақ, айтыста «Таскредит» және «Ай-Cер» компаниялары жүлделері мен «Алматы ақшамы» газетінің, «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» арнайы жүлделері сарапқа салынды

Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button