Жаңалықтар

Түйткілдің түйіні тарқады

«Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы» Заңына қол қойды» деген «сүйіншілеген» хабарды жақсылыққа баладым. Онымен толық танысып үлгермесем де, Ауған соғысына қатысушы ретінде көптен бері көкейімізде жүрген түйткілдің түйіні тарқатылғанын білдім.Жаңа заң жобасында Ауған аймағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандарды дербес санатқа енгізу көзделген болатын. Бұл мәселе көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі еді. Осы заң аясында ел алдындағы еңбегіміздің еленгені көңілімді марқайтты. Одан бөлек, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары мен апат зардаптарын жоюға қатысушылардың ресми мәртебе иеленіп, біршама жеңілдіктердің қарастырылуы айтарлықтай игі қадам болды.

Елу БАЛКЕНОВ,

Ауған соғысына қатысушы.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button