Жаңалықтар

Құтқарушылар Жаңа жылда 2 адамды аман алып қалды

Жаңа жыл түні Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс атқарды.

Сурет департаменттен

Департамент ұсынған мәліметке сүйенсек, 31 желтоқсан күні өткен тәулікте Қарағанды облысы ТЖД күштерімен 16 шығу жүзеге асырылып, нәтижесінде 2 адам құтқарылып, 2 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала бар.

Қарағанды қаласында, Молокова көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде тағамның плитада күйіп кетуі орын алды. 

ТЖД күштерімен пәтерден 1987 жылы туған ер адам құтқарылды, подъездің жоғарғы қабаттарынан баспалдақ арқылы 2 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала бар. Сондай-ақ бір газ баллоны сыртқа шығарылды.

Аяулым СОВЕТ

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button