Жаңалықтар

Құтқарушылар талай жанға үміт сәулесін сыйлады

Бүгінде Құтқарушылар күні – тек кәсіби мереке ғана емес, бұл – ел амандығы жолында өз өмірін қатерге тігіп жүрген жандардың еңбегіне деген құрмет күні. Олардың арқасында мыңдаған адам аман қалып, талай отбасыларға үміт сәулесі сыйланды. Осы жауапты саланың жас әрі батыл өкілдерінің бірі  –  Думан Исабаев.

Суреттер автордан

1995 жылы Бұқар жырау ауданында дүниеге келген Думан өзінің еңбек жолын 2016 жылы бастаған. Ол содан бері азаматтардың қауіпсіздігі үшін талмай еңбек етіп келеді.

Бүгінде ол Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінде қызмет атқарады. Өз ісіне адал, әрдайым сабыр мен батылдық таныта білетін құтқарушының бойында нағыз кәсіби қасиеттер тоғысқан.

Думан Исабаев талай өрт пен төтенше жағдай кезінде бірінші болып алдыңғы шепке шыққан. Оның ерлік істері мен табандылығы – жас мамандарға үлгі, ел азаматтарына сенім ұялатады

30 жылдық мереке – құтқарушылардың батырлық рухы мен адал еңбегін ұлықтайтын күн. Бұл күн – азаматтық борышын атқарып жүрген барлық сала мамандарына деген алғыс пен құрметтің символы.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button