Жаңалықтар
Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді
Қарағандыдағы Қазыбек би атындағы ауданның Молоков көшесіндегі жеке меншік нысаннан өрт шықты. Өрттің салдарынан нысанға тиесілі қазандықтың төбесі мен жабынының ағаш торлары өртеніп кеткен.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, өртті уақытында өшірді. Мамандардың деректеріне сүйенсек, өрт 50 ш.м. алаңды шарпыған.
Абырой болғанда өрт нысанның айналасындағы басқа да ғимаратқа өтіп кетпеген. Зардап шеккендер жоқ.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz