Құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерден газ баллонын алып шықты
Қарағандыда бес қабатты үйлердің біріндегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылар газ баллонын далаға алып шығып, ауыр зардаптардың алдын алды. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше өрт 5 маусымда орын алған. 5 қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің асханасы өртенген.

– Қарағандыда 1-ші квартал көшесіндегі 5 қабатты үйлердің екінші қабатындағы пәтерде терезе блогы және тұрмыстық заттар өртке оранды. Өрт сөндірушілер дер кезінде пәтерден 27 литрлік газ баллонын далаға шығарды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамның 12 адамы мен үш бірлік техникасы жұмылдырылды,- деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.