АймақБұқар жырау

Құтқарушылар Нұра өзеніне батып кеткен екінші оқушы қыздың денесін тапты

Бүгін, 2 шілде күні таңғы сағат 08:50-де сүңгуірлер үш күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан 15 жасар қыздың денесін тапты.

Суреттер: облыстық ТЖД

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 29 маусым күні Бұқар жырау ауданында Нұра өзенінің бойындағы Қызылжар ауылында болған. Кәмелетке толмаған екі оқушы қыз суға түсуге тыйым салынған жерде суға батып кетті. Сол күні жергілікті тұрғындар 2011 жылы туған қыздың денесін тапты. Бүгін құтқарушылар суға батқан екінші қыздың денесін суға түсу аймағынан 1300 метр жерден тапты.

Іздестіру жұмыстарын облыстық төтенше жағдайлар қызметі, ПД, Теміртау қалалық аңшылар мен балықшылар қоғамының қызметкерлері, туған-туыстары мен жергілікті тұрғындар жүргізді. Іздеу жұмыстарына барлығы 40 адам, 9 техника және 7 су көлігі жұмылдырылды. Құтқарушылардың айтуынша, іздестіру жұмыстарына күшті ағынның себебінен су астынан көрінудің нашарлығы кедергі болған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button