Жаңалықтар

Құтқарушылар Алматы-Екатеринбург тас жолында ақауы бар автобустан 62 адамды эвакуациялады

Бүгін таңертең Алматы-Екатеринбург тасжолында ақауы бар автобустан жолаушыларды кезекті шұғыл эвакуациялау болды. Құтқарушылар 62 адамды құтқарып, жақын маңдағы ауылға жеткізді. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше  Худжанд-Новосибирскі бағытында келе жатқан автобуста техникалық ақау орын алып, жолда қалған.  Құтқарушылардың жедел жұмысының арқасында олар Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілді. Сол жерде дәмханада  жылынып, туыстарымен хабарласа алды.

Суреттер: Қарағанды облысының ТЖД

– 31 қаңтарда Алматы-Екатеринбург тас жолының 900-ші шақырымында төтенше жағдайлар қызметінің күштері техникалық ақауы бар «VANHOOL»  автобусынан  62 адамды эвакуациялады. Жолаушылардың барлығы Тәжікстан азаматтары. Көлік Худжанд – Новосибирск бағыты бойынша келе жатқан. Зардап шеккендер жоқ. Олар медициналық көмекті қажет етпеді, – деп хабарлады Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент қоғамдық көліктердің және дизельді қозғалтқышы бар көліктердің иелері мен жүргізушілеріне қауіпсіздік шараларын ерекше назарда ұстау керектігін ескертеді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button