Ә.Бөкейхан ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің бірінші қабатынан өрт шығып, өрт сөндірушілер құтқару қақпақтарының көмегімен түтін басқан подъезден 15 адамды алып шықты.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше кеше 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, жалпы ауданы 20 шаршы метр тұрмыстық заттар жанған. Өрт туралы хабар сағат 21:12-де түскен. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында тілсіз жау 21:40-та толығымен ауыздықталып, 15 адам құтқарылған, оның бесеуі балалар. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 32 адамы мен сегіз техникасы жұмылдырылған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.