Жаңалықтар

«Т-Арт» суретшілер клубы есеп береді

Ертең сағат 16:00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында «Т-Арт» қалалық суретшілер клубының есеп беру көрмесі өтеді. Көрмеге 14 шебердің авторлық туындылары қойылады.   

«Т-Арт» суретшілер клубы 2006 жылы аталмыш мұражайдың көрме залы негізінде құрылған. Қазіргі таңда құрамында есімі белгілі кәсіби суретшілер мен әуесқойлар бар.

«Т-Арт» суретшілері жылына бір мәрте шығармашылық көрме беруді дәстүрге айналдырған. Биыл олар көрермендеріне тың дүниелерін ұсынбақ. Бұрын соңды көрмеге қойылмаған әрі сиясы кеппеген жұмыстарды көрмеден көре аласыздар. Картиналар түрлі жанрда, әрі түрлі техникада салынған.  

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button