Сыныбым – мақтанышым
Біз қаламыздағы №101 мектеп-лицейінің 4«А» сыныбын аяқтадық. Сыныбымдағы 36 оқушының 25-і үздік, 11-і екпінді. Білімді оқушылар көп. Жақында «Ақбота» республикалық интеллектуалдық марафонына 22 оқушы қатысып, жүлделі ІІ орынды, «Зияткер» білім додасында бес оқушы – ІІ орынды , бір оқушы – ІІІ орынды иеленді. «Зерде» республикалық дарынды балалар байқауы, «Зерде», «Ұлы тұлғалар» республикалық байқауы, «BRITISH BULLDOG» халықаралық байқауының жеңімпаздары атанды.
Біздің мұғалім сабақты қызықты және жан-жақты өткізеді. Біздің сыныпқа қаладағы алғаш инновациялық, жаңа деңгейде ашылған №102 мектеп-гимназиясының табалдырығын аттауға мүмкіндік берілді. Сыныбымды және аяулы ұстазымды мақтан етемін.
Айғаным АЛТАЕВА,
№101 мектеп-лицейінің 4«А» сынып оқушысы.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.



