Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әр адамның міндеті

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады, оның орталығында барлық процестердің, әсіресе мемлекеттік қызмет саласындағы есептілікті және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сурет ken-zhyloi.kz

Бұл бағытта Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы белсенді жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың 7 айы ішінде Басқарма мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін жағдайларды жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және профилактикалық іс-шаралардың тұтас кешенін өткізді.

Жүйелік тәсіл және ашықтық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі құралдарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2024-2026 жылдарға арналған бекітілген іс-шаралар жоспары болып табылады. Оны жүзеге асыру кестеге сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрақты негізде жүргізіледі. Мәселен, 2025 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында 2024 жылдың және 2025 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша талдау жүргізілді. Оның нәтижелері “АMANAT” партиясы өкілдерінің қатысуымен көпшілік алдында талқыланып, әлеуметтік желілердегі Басқарма беттерінде орналастырылды, бұл қоғаммен сындарлы диалогқа ашықтық пен дайындықты айғақтайды.

Этика және бақылау

Барлық мемлекеттік қызметшілер тұрақты оқытудан өтеді, құқықтық сауаттылықтарын арттырады. Жарты жыл ішінде тұрғындар мен бизнес өкілдері үшін  61 ішкі сабақ және 48 семинар өткізілді. Басшылық жедел кеңестерде қызметтік этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударады – мұндай талқылаулар тұрақты бола бастады.

Өтініш берушілермен тікелей байланысқа жол бермейтін “бір терезе” жүйесі жұмыс істейді. Барлық өтініштер “Е-өтініш” порталы арқылы тіркеледі. Есепті кезеңде азаматтар мен заңды тұлғалардан 28 өтініш келіп түсті-олардың барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралды. Қызметкерлердің әрекеттеріне шағымдар тіркелген жоқ.

Ақпараттандыру-алдын алудың негізі

Ақпараттық ашықтық – алдын алудың маңызды элементі. Instagram және Facebook парақшаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша 488 материал жарияланды. Ай сайын “сенім телефоны” туралы ақпарат жарияланады, Мемлекеттік қызметтерді алу ережелері туралы инфографика орналастырылады. Адамдар көп жиналатын жерлерде – қаланың базарлары мен супермаркеттерінде радиодәрістер өткізіледі. 7 айда осындай 25 радиодәрістер өткізілді.

Мамандар мен Басқарма басшылығының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама тақырыптарында тікелей эфирлер өткізу оң тәжірибе болып отыр.

Іс-әрекеттегі ашықтық қоғамның сенімі

Басқарма барлық мемлекеттік қызметтерді тек eGov порталы арқылы электрондық форматта көрсетеді. Жыл басынан бері 13 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді. Негізсіз бас тарту, шағымдану немесе мерзімдерді бұзу жағдайлары анықталған жоқ. Сондай-ақ, қызмет көрсету сапасына тұрақты ішкі бақылау жүзеге асырылады.

Қоғаммен өзара іс – қимыл бойынша жұмыс жалғасуда: жеке және заңды тұлғалармен 16 меморандум жасалды, мамандықты дәріптеу және мемлекеттік қызметтің құндылықтарын ілгерілету үшін медициналық колледж студенттерімен кездесулер өткізілді.

Болашаққа арналған тұжырымдар мен міндеттер

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – бұл күнделікті, қажырлы жұмыс.  Бұл мемлекеттің, қоғамның және әрбір қызметкердің бірлескен жауапкершілігі. Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ашықтық, заңдылық және азаматтарды құрметтеу қағидаттарына негізделген жүйелі тәсілді көрсетеді.

Алда әлі де көптеген міндеттер тұр, соның ішінде – цифрландыруды күшейту және құқықтық ағартуды кеңейту. Бірақ ең бастысы: біздің қызметте сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ – деген нақты көзқарастың қалыптастырылуына қол жеткізілді.

С.ИРИСТАЕВ,

Шахтинск қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау

басқармасының басшысы 

Басқа материалдар

Back to top button