Сыбайлас жемқорлық — ғасыр дерті

Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні Қарағанды қаласы Полиция басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының ПБ мәжілісі залында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жауынгерлік қызметтік даярлық сабағы аясында Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанынан құрылған ақпараттық насихат штабының өкілдерімен » Сыбайлас жемқорлық ғасыр дерті» атты кездесу ұйымдастырылды.

Полиция басқармасының жеке құрамымен кездесуге Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанынан құрлған ақпараттық насихат штабының төрағасы облыстық мәслихатың депутаты, меценат Бекзат Алтыбеков шақырылған болатын.

Кездесуде алғашқы болып сөз алған Қарағанды қаласы ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ғабит Дильмағанбетов қазіргі қоғамда орын алған жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу әрбір полиция қызметкерінің басты міндеті екенін атап өтті. Кездесу барысында сөз алған облыстық штаб жетекшісі Бекзат Алтынбеков өз сөзінде адалдық парасаттылық және адамгершілік төңірегінде ой қозғап, әр адам өзін құрметтесе, еліне адал қызмет етсе ғана жемқорлық дертінің тамырына балта шабуға болатынына тоқталып өтті. Кездесу соңында штаб жетекшісі Қарағанды қаласы ПБ басшылығына кездесуді жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін өз алғысын білдірді.

Нағима Әшімқызы,
Қарағанды қаласы ПБ.