Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметіндегі басым бағыттардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік атмосферасын құру жөніндегі жұмыс болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2024-2026 жылдарға арналған бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша бірқатар кешенді шаралар жүргізілуде. Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге қол қойды.
Басқарма басшысының қызметін бағалау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу бойынша түпкілікті нәтижеге тоқсан сайын қол жеткізе отырып, «сыбайлас жемқорлық деңгейі» нысаналы индикаторымен толықтырылды.
Жұмыс тобының құрамы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау үшін Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Басқарма ғимаратына кіре берісте азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін жәшік орнатылған. Ағымдағы кезеңде «шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне» өтініштер түскен жоқ.
«Сенім телефоны» Басқарма кеңсесінің стендінде орналастырылған, ал телефон нөмірі ай сайын әлеуметтік желілерде жарияланады.
Facebook және Instagram ресми парақшаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар (бейне, инфографикалар, мақалалар) ай сайын жарияланады, барлығы 362 жарияланым орналастырылды.
Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы зерделеу бойынша құқықтық жалпы оқыту және семинарлар өткізіледі, жыл басынан бері 97 сабақ өткізілді.
Өтініштерді тіркеу Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы «Е-өтінiш» арқылы жүзеге асырылады, жыл басынан бері барлығы 45 өтініш келіп түсті.
Мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы электрондық тәсілмен көрсетіледі. 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде 48 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ, шағымдар түскен жоқ.
Басқарма қызметкерлері мен олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде өздерінің барлық активтерін тіркей отырып, декларациялар тапсырды.
2024 жылға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бизнес ұйымдарымен және субъектілерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы 6 меморандум жасалды.
Жеке және заңды тұлғалармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты негізде кеңестер өткізіледі, жыл басынан бері 109 кеңес өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды факторларының бірі бизнес-процестерді автоматтандыру болып табылады. Бүгінгі таңда электрондық үкімет порталы арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті алуға болады (www.egov.kz) мемлекеттік органға жүгінген кезде тікелей байланыс алынып тасталады.
Басқарма «Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін «Электрондық лицензиялау» веб-порталында авторландыру процесінен өту, қажетті мемлекеттік қызметті таңдау, өтініш беру үшін мәліметтер нысанын толтыру, бұйрыққа сәйкес мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту және ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Егер сіз санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары немесе моральдық – этикалық нормаларды бұзғаны туралы білсеңіз, Қарағанды облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 2 мекенжайы бойынша, не сенім телефоны: 8 (7212)41-14-28 арқылы немесе Ленинград көшесі 81 мекенжайы бойынша орналасқан Шахтинск қалалық басқармасына, 8(72156)50679 сенім телефондары арқылы немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы 1424 тегін нөмірі бойынша, сондай-ақ egov.kz. электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы хабарласа аласыз.
Сыбайлас жемқорлықтың әрбір жағдайы-біздің елімізге, оның экономикасына және қоғамына соққы боылп табылады. Бұған жол бермеңіз, адал және әдепті болыңыз.
Санжар ИРИСТАЕВ,
Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.