Ресми

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық байқауына өтінім қабылдауда

2023 жылғы 25 қыркүйектен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық байқауы басаталды.

 

Байқаудың  мақсаты – маңызды ғылыми, цифрлық және техникалық шешімдерді, инновациялық жобаларды жүзеге асыру мен анықтау мақсатында азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.

Байқауға барлық ниет білдіруші тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

Байқау келесі басым бағыттар бойынша өтеді:

– Қоғамдық бақылау

– Сыбайласжемқорлыққақарсыбілім беру жәнезерттеу

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.

Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал. Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 25 қыркүйектен 30 қазанға дейін өткізіледі. Финалдық кезең 2023 жылдың 1 желтоқсанында Қарағанды ​​қаласында өтеді.

Байқаудың қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйақымен марапатталады, сонымен қатар жобаны жүзеге асыру үшін қаржылай-техникалық қолдау көрсетіледі.

Байқауға қатысу үшін өтінімдерді жолдау 2023 жылдың 30 қазанына (қоса алғанда) дейін konkurs1424@mail.ru электронды пошта арқылы жүзеге асырылады.

Байқауғы қатысу сұрақтары бойынша қосымша ақпаратты  8 (701) 1864300, 8 (702) 4122906 телефондары арқылы алуға болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button