Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

Сурет Freepik

Қазақстанның қазіргі жағдайында монополияға қарсы саясат пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік бақылаудың бір-бірімен тығыз байланысты бағыттарына айналды. Себебі, сыбайлас жемқорлық жағдайында бизнесті дамыту және бәсекеге қабілетті әрі еркін нарықтың қызмет етуі мүмкін емес. Президент Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында: «Бұл мәселе бойынша менің ұстанымым белгілі: бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін кез келген әрекетті мемлекетке қарсы қылмыс деп санаған жөн. Осыған байланысты қосымша заңнамалық шаралар қажет. Парламент пен Үкімет бұл мәселенің шешімін ұсынуы керек» деген. Осыған байланысты, монополияға қарсы органның міндеттерінің бір бағыты – мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының негіздерін азайтып, бәсекелестікті дамыту болып табылады.

Ел экономикасының табысты дамуы үшін сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті тәрбиелеу – тек мемлекеттік қызметшілердің ғана емес, әрбір азаматтың борышы екенін естен шығармайық.

Б.ҚАНАТОВА
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департаментінің бәсекелестікті дамыту бөлімінің басшысы 

Басқа материалдар

Back to top button