Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы заңнамаға түзетулер енгізуді тапсырған. Өзгерістерге сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді айқындайтыны жеке көрсетілген.

Оның функциясына қызмет барысының жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкестігін ғана емес, жемқорлыққа қарсы стратегияны да, іс-шаралар жоспарының сәйкестігін де жан-жақты бақылау кіреді. Бір сөзбен айтқанда, тиімді комплаенс бақылау кәсіпорын қызметінің ашықтығын және оған деген сенімді қатынасты қамтамасыз ете алады.

«Қарағанды су қоймалары» КМК-да жемқорлыққа қарсы тұруға, жұмыстың ашықтығы мен қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануда. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін кәсіпорында 2020 жылғы қазаннаң бастап комплаенс қызметі ұйымдастырылып,  ішкі бақылау қызметі іске қосылды. Оның басты мақсаты кәсіпорын қызметінде және қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тәуелсіз комплаенс-қызметтерді енгізу – квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үздік әдістерінің бірі. Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысындағы назарды жазалау шараларынан алдын алу шараларына ауыстыру өте ұтымды табылған шешім деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, лауазымдық  тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, бюджет қаражатын жымқыру, пара алу фактілеріне қарсы ақпарат алу үшін тәулігіне 24 сағат бойы «1424» – call-орталығы жұмыс жасайтыны туралы хабардар етеміз.  

Алуа НУРБАЕВНА,

«Қарағанды су қоймалары» КМК заңгері.

Басқа материалдар

Back to top button