Сыбайлас жемқорлық – қауіпті кесел
Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кесел.

Сол себепті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті ұжымында осы мәселе тұрақты талқыланатын тақырыптардың бірі.
Ел экономикасының табысты дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шарттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік мәселелері, балаларда, жастарда, аға буында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті тәрбиелеу – әрбір азаматтың борышы.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.
Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн.
«Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.
Б.ҚАНАТОВА,
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы