АймақБұқар жырау
Суретші туралы тақырыптық сағат
Бүгін Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Молдахмет Кенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай тақырыптық сағат өтті.

“Молдахмет Кенбаевтың көркем әлемі” атты бұл тақырыптық сағатты бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі болып, қазір зейнетке шыққан Бәтен Бопантаева жүргізіп, кітапхана оқырмандарын суретшінің өмірі және шығармашылығымен таныстырды. Оның туған жер тарихынан сыр шертетін “Шопан әні” (1956 ж.), “Әңгіме үстінде” (1957 ж.) сияқты алғашқы туындыларының салынуы тарихын айтып берді.
Осы мерейтойлық шараға байланысты мұнда кітап көрмесі ұйымдастырылып, тақырыптық сағатқа қатысқан оқырмандарға жадынамалар таратылды.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы