Бас тақырыпПрезидент тапсырмасын орындай отырып...

Субсидиядан үлес қандай?

Бейнеттің зейнеті бұйырғанға не жетсін!? Төрт түлікті түгендеп, ертелі-кеш мал соңында жүрген ағайынның субсидиядан алар үлесіміз қандай? Оны кімдер, қандай, қанша мал басына ала алады? Мал шығынын өтеуге мардымды ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ биылғы Жолдауында Үкіметке жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдау керектігін тапсырды. Бұл өзгерістердің бірі – субсидиялау тәсілдерін қайта қарау, механизмдерін жетілдіру. Мал басын жеткілікті жағдайда субсидиямен қамтамасыз ету еліміздегі ауыл шаруашылық саласының дамуына оң ықпалын тигізуде.

Қарағанды облыстық ауыл шаруашы­лығы басқармасының ресми мәліметі бойынша 2021 жылға Қарағанды облысына асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 5 млрд. 659 млн. 585 мың теңге қаражат қарастырылған. Осы жылдың 8 айының қорытындысымен 2319 шаруашылыққа 3 млрд. 770 млн. теңге көлемінде субсидия төленген. Мал шаруашылығын дамытуға беріліп отырған қаражат тиісінше мал басының өсуіне зор мүмкіндік беруде. Алайда, бұл көмекті мал шаруашылығымен айналысатын кез келген шаруашылық ала алмайды. Малдың санына, түр­сипатына, селекциялық жағдайына бай­ланысты төленеді. Нақтырақ айтқанда, асыл тұқымды бұқаға 150 мың теңге, сиырға се­лекцияға түсуіне байланысты 10 мың теңге, асыл тұқымды сиырға 15 мың теңге төленеді. Ауыл шаруашылығы саласының тірлігі қашанда қауырт. Жыл он екі ай тыным­ сыз жұмыс жасайтын шаруагердің еңбегін ескерген Мемлекет басшысы субсидияның талан-­таражға түсуіне жол бермей, мақсат­ты жұмсалуын көздеу керек екендігін баса айтты. Субсидия деген шаруаларға ақшаны бөліп­бөліп бере салу емес. Оның мақса­ты – шаруаларды ынталандыру. Сондықтан, нағыз зәру салаларға ғана берілуі тиіс. Бү­гінгі таңда елімізде субсидияның 65 түрі бар. Ауыл шаруашылығы саласы мамандарының талқылауы нәтижесінде, «тиімсіз» деп танылған 11 түрі қысқарып, 40-­на өзгерістер енгізіліп, 14-­і ғана еш өзгеріссіз қалған.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын да­мыту мен мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруда субсидия­лау қағидасына сәйкес, ірі қара мал ша­ руашылығын, қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, құс шаруашылығын және шошқа шаруашылығын қолдау мақсатында субсидиялауда Бұқар жырау, Шет, Жаңаарқа, Абай, Қарқаралы аудандары­ның шаруашылықтары зор мүмкіндіктерге ие болуда. Осы жылы, облыс бойынша, етті және етті-­сүтті, сүтті және сүтті-­етті мал ша­ руашылығындағы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге ірі қара мал­дың тауарлық аналық басына – 1211 ша­ руашылыққа 1 млрд. 17 млн. 760 мың теңге төленген. Етті құс шаруашылығында асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алғаны үшін 1 шаруашылыққа 10 млн. 366 мың теңге, құс етін өндіру құнын арзандатуға 1 шаруа­ шылыққа 167 млн. 517 мың теңге, жұмырт­ қалы құс шаруашылығында – асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан са­тып алғаны үшін 3 шаруашылыққа 30 млн. 535 мың теңге, сонымен қатар, жұмыртқа өндіру құнын арзандату үшін 3 шаруашылыққа 404 млн. 595 мың теңге төленген. Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізгені үшін, тауарлық аналық мал басына 10 шаруашылыққа 16 млн. 873 мың теңге, асыл тұқымды аналық басына 5 шаруашылыққа 12 млн. 492 мың теңге, отандық асыл тұқымды қойлар сатып алғаны үшін 21 шаруашылыққа 19 млн. 987 мың теңге берілген. Жылқы шаруашылығын­ да асыл тұқымды айғыр сатып алғаны үшін 11 шаруашылыққа 6 млн. 700 мың теңге, шошқа шаруашылығында аналық пен се­лекциялық жұмысқа және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізгені үшін 2 шаруашылыққа 195 млн. 720 мың теңге қаражат бөлінген. Қыруар қаражат. Алайда, бұл қаражат тауар өндірушілердің, яғни, шаруашылықтың 20­ 30 пайыздық шығынын ғана жабады.

Қарапайым   халық   арасындағы   пікір «Мемлекет берген субсидияның бізге қан­ дай септігі бар? Мал басы өсті. Мал ша­руашылығын дамытуда қолдау көп. Алай­ да, ет пен сүт өнімдерінің, жұмыртқаның бағасы түсер емес». Осындай көптің кө­ кейіндегі сұраққа Қарқаралы ауданындағы «Қарынши» шаруа қожалығының басшысы Қайырбек Қыдыралин былайша жауап берді:

– Қойға 3 млн. теңге, ірі қараға 1,5 млн. теңге субсидия алып отырмын. Жылқыға жоқ. Бір қарағанда көп қаражат. Малдың  жем-­шөбі мен жұмыскерлердің еңбекақы­ сының 5­10 пайызын ғана жабады. Ал, мал еті мен өнімдерін көтерме бағада саудалай­мыз. Әрі қарайғы пайданы делдалдар көреді, – дейді. Шын мәнісінде, бүгінде делдалдар­ дың қолы жүріп тұр. Шаруашылықтан көтер­ ме бағада тауар қабылдағанымен, әрі қарай­ ғы бағаны үстемелеп қосу өз еріктерінде.

Субсидия мал шаруашылығына сүбелі көмек. Алайда, қомақты қаражат күн сай­ын қымбаттайтын ауыл шаруашылық өнім­ дерінің қалтарысында қалып жатыр.

Сағыныш ӘБІЛ.

Басқа материалдар

Back to top button