Бас тақырып

Су тасқынына дайындық – бүгіннен

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша атқарылған жұмыстар туралы жауапты ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдері баяндады.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Дайындық барысында 180-ге жуық іс-шара орындалды. 65 шақырым қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды және бекітілді, 26 шақырым дренаж және су бұру жүйелері тазартылды, сондай-ақ 18 километрден астам өзен арналарына санация жүргізілді. Автожолдардың 75 учаскесінде су өткізу жұмыстары ұлғайтылды. Жанар-жағармай және инертті материалдар, қаптар мен азық-түлік қоры құрылды.

– 1 наурыздан бастап азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтіріледі, – дейді ТЖ департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев. – ТЖМ бөлімшелері, әскери қолбасшылық органдарын және полиция департаментінің жеке құрамынан 4125 адам және 1754 бірлік техника жұмылдырылады.

Бүгінгі таңда жағдай тұрақты. Атап айтар болсақ, өзендер қысқы режимде, қар деңгейі облыс аумағын 100% қамтиды. Судың толып кетуiн болдырмау үшiн Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан суды санитарлық ағызу жүргiзiледi.

Қазгидрометтің мәліметінше, қардағы су қоры Нұра өзені бойынша нормадан асып түседі, бірақ Шерубай-Нұра мен Тоқырауын бойынша нормаға жақын қалып отыр. Топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштен аз, бұл су басу қаупін төмендетеді.

– Туындауы мүмкін кез келген тәуекелдер егжей-тегжейлі пысықталуы тиіс. Біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Бізде іс-шаралар жоспары бар және ол бойынша су тасқыны кезінде облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қызметтер нақты жұмыс істеуі тиіс, – деп атап өтті өңір басшысы.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button