Бас тақырыпЖаңалықтар

Су тасқыны: зардап шеккен ауыл тұрғындары баспаналы болды

Су тасқынынан зардап шеккен Шет ауданының тұрғындарына үй сатып алынды. Еріген судан үйлері апатты жағдайда қалған бес отбасы баспананы өздері таңдады. Тұрғын үйлер бюджет қаражатына сатып алынған. Алдағы күндері тағы бір отбасы жаңа үйдің құрылысын бастамақ. Олардың ауылында сатылатын үй болмағандықтан, осындай шешім қабылданған.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

Қауіпсіз деп танылмаған қалған 54 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындар бұл мақсаттар үшін өтемақы алып, мәселені өз беттерімен шешуге ниет білдірді. Красная Поляна ауылының тұрғыны Ақмарал Мусина отбасына лайықты баспана таңдапты.

Біз өтемақы мен материалдық көмек алдық. Бізге теледидар мен генератор да әкелді. Үйді өзіміз таңдадық. Әкімдік бізге ұнағанын сатып алатынын айтты. Біз мүлікті өтемақы мен тұрғын үйді өте жылдам, яғни бір аптаның ішінде алғанымызға өте қуаныштымыз, – дейді Ақмарал Мусина.

Сондай-ақ Шет ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек және бүлінген мүліктері үшін өтемақы төленгенін жазған болатынбыз. Жоғалған малдың орны толтырылып, өлген мал барлық ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтай отырып жойылды.

– Тасқыннан 5 сиыр мен 1 тай жоғалттық. Күні кеше мал алдық. Бұл шығын бізге толықтай өтелді, – дейді Ақсу ауылының тұрғыны Айжан Қашкенбаева.

Су тасқыны орын алған елді мекендерде құдықтар мен ұңғымаларға апта соңына дейін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Ауылішілік жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button