Теміртау

Су берілді

     Теміртау қаласын сумен жабдықтайтын Қарағанды-Теміртау су таратқышы және Сергиопольск су бөгетіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ауыз су желісінің қызметі қайта қалпына келтірілді. Алайда, әзірге оны асқа пайдалануға болмайды.

Тұтынушыларға санитарлық қыз­меттер рұқсат бергенше суды, тек, шаруашылық қажеттіліктерге ғана қолдану керектігі ескертіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Теміртауда өткен аптадағы аязды күндері сумен қамту жүйелері істен шыққан болатын. Қарағанды-Теміртау су таратқышы мен Сергиопольск су бөгетіндегі құбырларды мұз басып қалған. Осы себепті қаланың орталық және шығыс аудандарында 411 көпқабатты үй және 17 әлеуметтік нысан ауыз сусыз қалған еді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button