АймақҚарағанды

Суға батып кеткен балықшыны іздеу жұмыстары жалғасуда

3 ақпан күні Қарағанды облысы Молодежный ауылының маңында Қ.Сәтбаев атындағы арна су торабында балық аулау кезінде үш балықшы мінген көлік мұзға батып кеткен.

Екі балықшы өздері шығып үлгерген және медициналық көмекті қажет етпеген. Ал, 39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.


Іздестіру-құтқару жұмыстарын жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сүңгуірлік жабдықтың, сондай-ақ «Гном» суасты телебасқарылатын тексеру кешенінің көмегімен жүргізуде.


Іздестіру-құтқару жұмыстары қиынға соғуда. Себебі ауа райы жағдайлары, қатты жел, боран, аяз, кей жерлерде жұқа мұз, судың төмен температурасы, суға түсу тереңдігі 3-4 метр, көрінудің болмауы, күшті ағыс себеп болуда. Бұл жағдайлар сүңгуірлер үшін қиын жағдай болып табылады. Сонымен қатар, іздеу аумағы да үлкен. Ол үшін үнемі іздестіру аймағын кеңейтіп, мұзда жаңа жолақтарды кесіп, сүңгуірдің түсуі үшін арнайы орындарды дайындау керек, – дейді облыстық ТЖД мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Сурет, видео: облыстық ТЖД 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button