АймақБұқар жырау

Студенттермен сындарлы сұхбат

Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында осындағы агротехникалық колледж студенттерімен “Терроризм. Зұлымдық шырғалаңы” тақырыбында сындарлы сұхбат өткізілді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл әңгімеге арнайы шақырылып, қатысқан учаскелік полиция инспекторі Тілектес Маханов пен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторі Қайрат Иманбаев бүгінгі әлемде терроризм қаупінің артуы, халық көп жиналған жерлерде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, өмірге қауіп төнген жағдайларда және күдікті заттар табылғанда әрекет ету тәртібі туралы айтып берді. Сондай-ақ олар ұтқыр қимылдау қызметтерінің телефон номерлерін еске салып, телефон арқылы да террор жасау жауапкершілігіне назар аударды. Өз кезегінде студенттер де қауіп төнген жағдайда не істеу керектігі жайлы сұрақтарына жауап алып, оларға соған байланысты жадынамалар таратылды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button