Абай көпсалалы колледжінде «Таза Қазақстан: экология менен басталады» атты студенттерге арналған тренинг өтті. Бұл туралы Абай ауданының әкімдігі хабарлады.

Тренинг барысында қатысушыларға қалдықтарды бөлек жинау, ресурстарды ұтымды тұтыну, табиғи аумақтарды сақтау және экологиялық жағдайды жақсартудағы әрбір азаматтың рөлі бойынша интерактивті модульдер ұсынылды.


Тренингтің модераторы болған Жастар ресурстық орталығының директоры Әлия Әшімова:
– Мұндай іс-шаралар ойын формасы арқылы, шығармашылық байқаулар арқылы және қарапайым өмірлік мысалдар арқылы экологиялық сананы қалыптастыруға көмектеседі. Біздің аудан жастары қоғамдық кеңістіктерді, су айдындарын жинау, қайта өңдеуге шикізат жинау бойынша экологиялық акциялар өткізуге қатысады, бірақ, өкінішке орай, қоқыс жәшігінің жанынан бос бөтелкені тастай алатындар әлі де аз емес. Осындай тренингтермен біз экологиялық мәдениеттің деңгейін көтереміз, экологиялық жауапты қоғамды қалыптастырамыз.

Тренинг динамикалық, достық атмосферада өтті және қатысушылар үшін танымдық ғана емес, сондай-ақ қызықты тәжірибеге айналды. Іс-шара тақырыптық жүлделерді табыстаумен және ауданда экологиялық жобаларды дамыту бойынша одан арғы қадамдарды талқылаумен аяқталды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



