Студенттер референдумның маңызын талқылады
Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті базасында кураторлық институт кураторлары, студенттер және университет ұжымының қатысуымен маңызды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – референдумның маңыздылығын түсіндіру, Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылау және студент жастардың азаматтық белсенділігін арттыру.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар пікірлерін ортаға салды. Конференция барысында спикерлер референдумның ел дамуына әсері, әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлі және жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасады.
Кездесу референдумның мәні мен маңызын кеңінен түсіндіруге, жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдағы маңызды саяси процестерге саналы қатысуына бағытталған маңызды алаң болды.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



