Жаңалықтар

“Мен офлайн оқуды таңдаймын…”

18 тамызда облыстың студенттік ұйымдары көшбасшыларының #брифингі өткізілді.

#Спикерлер өз сөздерінде – студенттер қоғамдастығы #офлайн оқыту форматына көшу туралы жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдағанын айтты.
Студенттік орта көшбасшылары дәстүрлі оқыту форматының ұзақ мерзімділігі мен тұрақтылығы #карантин шараларын сақтауға және әркімнің жеке жауапкершілігін білдіруге байланысты екенін атап өтті. Оқу аудиторияларында, жатақханаларда және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде жұқтыру қаупін азайту үшін спикерлер вакцина алғандардың жоғары үлесін қамтамасыз ету #маңызды деп санайды.
Брифинг аясында #MaxVax жастар акциясы бастау алды. Іс-шараның мақсаты – студент жастардың #вакцинация туралы ақпараттану деңгейін арттыру. Акция барысында #ЖОО базасында мобильді вакцинация пункттерінің жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу және ЖОО-ның вакцина алған студенттері арасында #MaxVaxBox ұтыс ойыны жоспарлануда.
Брифинг соңында студенттік ұйымдардың көшбасшылары облыс жастарына үндеу жолдады.
Әлеуметтік желілерде толығырақ @JasProKrg

Басқа материалдар

Back to top button