Студенттер ардагерлермен кездесті
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері ардагерлермен кездесті.

«Ауғанстан – жүректегі жара» тағылымды кездесуі студенттердің бойында патриоттық сезімді ояту және адамгершілік қасиет қалыптастыруға бағытталды. Аталмыш шарада жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы, соғыс ардагерлері Серғали Тоқтабеков, Айтбай Жұматаев және Мұрат Жариков Ауған соғысы жайлы баяндады. Ауған соғысы туралы естеліктерімен бөлісті.
– Соғыстың аты жаман. Ондай жерде жарақат, өлім бар. Жарасы жазылмайды. Соғысқа 20 мыңнан астам қазақстандық қатысса, облыстан ауған соғысына 2000-нан астам адам аттанды, – деді Серғали Тоқтабеков.
Сарбаздардың қаһарман ерлігі мен қайсарлығы жайлы қатысушылар ардагерлерге көкейдегі сұрақтарын қойды. Кездесуде дене мәдениеті және спорт факультетінің деканы Қуанышбек Аданов академик Е.Бөкетов жайлы жазылған кітапты, сондай-ақ, университеттің имидждік өнімдерін тарту етті. Жастар ардагерлердің әскери сұрақтарға жауап бергеніне ризашылық білдірді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz