Қарқаралы
Студент атанды
Білімі ордаларында оқытылатын «Дінтану негіздері», «Зайырлылық және дінтану негіздері» деп аталатын таңдау курстары оқушылардың ислам дінінің құндылықтарына бойлауына оң әсерін тигізуде.
Оның жарқын көріністерінің бірі – Қ.Смайылов атындағы № 43 орта мектептің түлегі Жадыра Бейсенқұлованың жеңісі. Жадыра Түркістан қаласында «Дінтану» пәнінен өткен ІІ Республикалық олимпиадада жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің грант иегері болып, студент атанды.
Жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі, І санатты ұстаз Балқан Сағатов.
Бәрекелді!
Жарайсың, Жадыра!
Сағыныш ӘБІЛОВА.