“Странджа кубогы”: Қазақстан көш бастады
Бокстан 24 ақпан – 2 наурыз аралығында Болгарияда өткен 76-шы “Странджа кубогы” халықаралық турнирі өз мәресіне жетіп, қазақстандық ерлер құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды,- деп хабарлайды ortalyq.kz.

Алтын медаль алған қазақстандықтар:
- 63,5 келі – Ертуған Зейнуллинов
- 67 келі – Төрехан Сабырхан
- 71 келі – Аблайхан Жүсіпов
- 75 келі – Сабыржан Аққалықов
- 86 келі – Бекзат Нұрдәулетов
Күміс жүлдегерлер:
- 51 келі – Даниал Сәбит
- 54 келі – Тимур Қабдешов
- 60 келі – Серік Теміржанов
- 63,5 келі – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
- 71 келі – Фарух Тоқтасынов
- 75 келі – Тимур Нұрсейітов
- 80 келі – Ерасыл Жақпеков
- 86 келі – Нұрбек Оралбай
- +92 келі – Айбек Оралбай
Қола жүлдегерлер:
- 48 келі – Теміртас Жүсіпов
- 57 келі – Оразбек Асылқұлов
- 60 келі – Талғат Сырымбетов
- 92 келі – Данияр Рахымбердинов
Жүлде рейтингісі (ерлер):
- Қазақстан – 5 алтын, 9 күміс, 4 қола
- Өзбекстан – 5 алтын, 1 күміс,2 қола
- Болгария — 2 алтын, 3 қола
- Түркия – 1 алтын
- Ирландия – 4 қола
- Әзербайжан – 2 күміс, 2 қола
- Грекия – 1 күміс
- Франция – 1 қола
- Косово – 2 қола
- Грузия – 2 қола
- Италия – 1 қола
- Израиль – 1 қола
- Англия – 2 қола
- Аустрия – 1 қола
- Қытай – 1 қола
Биылғы “Странджа»” кубогының ерекшеліктері:
Болгария жерінде 20 мемлекеттің боксшысы жүлдеге таласты.
Аталмыш турнирдің тарихында біздің елден 25 боксшы бақ сынады. Болгария 19 спортшысын, Өзбекстан 17 өкілін қосты.
Аталмыш турнирде Қазақстан құрамасы жүлде алудан ең үздік көрсеткішін жаңартты (бұған дейінгі рекорд 2022 жылы 2 алтын, 2 күміс, 5 қола алған).
Осы жарыстың тарихында алғаш рет отандық боксшылардың арасында 4 финал тіркелді.
67, 71, 75, 86 келіде алғаш “Странджа” турнирінің алтын жүлдесі бұйырды.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.