Спорт

Степанов – Әлем Кубогының күміс жүлдегері

Кикбокстан Венгрияда өткен Әлем Кубогында ел намысын қорғаған қарағандылық Руслан Степанов күміспен оралды.

 

Руслан Қарағандыдағы облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері әрі халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спорттың осы түрімен 19 жасынан айналысып келеді. Байрақты бәсекеде 81 келі дәрежесінде сынға түсіп, ақтық кезеңге дейін жеткен.

– Будапештте финалға дейінгі қарсыластарымды ұпай айырмашылығымен жеңдім. Алайда, финалдық жекпе-жекте қарсыласымнан бір ғана ұпай айырмашылығымен жеңілдім. Енді Сауд Арабиясында өтетін Дүниежүзілік ойындарға дайындықты бастаймын. Сондай-ақ, Қазақстан чемпионатында және Португалияда өтетін Әлем чемпионатында бақ сынасам ба деп отырмын, – дейді Руслан Степанов.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Степановпен бірге барған балқаштық Бекболат Әкім де күміс жүлдемен оралғаны жайында жазған болатынбыз.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button