Спорт

Үстел теннисі: отандастарымыз – плей-оффта

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен командалық әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет плей-офф кезеңіне жолдама алды. В тобында өнер көрсеткен отандастарымыз Сауд Арабиясы мен АҚШ құрама командасын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған. Бұл қатарда жерлесіміз Алан Құрманғалиев те бар.

Сурет: kazsports.kz сайтынан

Қазақстан құрамасы сапында – Кирилл Герасименко (7 жеңіс), Алан Құрманғалиев (1 жеңіс, 4 жеңіліс), Айдос Кенжеғұлов (1 жеңіс, 4 жеңіліс) өнер көрсетуде. Олар өз тобынан ІІ орынмен шықты. Егер Ұлттық құрама ширек финалға шықса, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button