Ресми

Ұстаз мерейі

24-желтоқсанда Қарағанды қаласы мәслихаты депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткер Гүлназ МУСИНА мен Ержан НҰРМАҒАНБЕТОВ ZOOM платформасында жалпы білім беру ошақтарының ұстаздарымен сайлауалды бағдарламамен таныстыру мақсатында онлайн кездесу өткізді.

– Партия бағдарламасында айтылғандай, негізгі мақсат қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Барлық деңгейдегі білім берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында Nur Otan партиясы 2021 жылдан бастап бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету мәселесін шешуге жәрдемдесетін болады. Күнгей, Пришахтинск, 16-шағын аудан, Волочаевская көшесінде жалпы 2 400 оқушыға арналған 4 жаңа мектеп, 2022 жылы 1 мың орындық Шығармашылық сарайын салу жопарланған. 16 мектепте, яғни, №№34, 41, 53, 56, 62, 63, 64, 66, 74, 78, 79, 81, 82, 86, 88 және №4 мектеп-интернатында күрделі жөндеу мәселесін шешу; 2025 жылға дейін 1 300 компьютер сатып алу (5,2 оқушыға 1 компьютер); аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету (тегін жол жүру, кеңсе тауарымен, киіммен, аяқ киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету) және мектеп жасына дейінгі балаларға тамақтану төлемінің жарты құнын өтеуге ықпал етеміз. Бүгінгі күні жастар мәселесі де өзекті, Nur Otan партиясы жастарды жұмысқа орналастыруға қолдауды жалғастырады. 2025 жылға қарай партиялық бағдарламаға сәйкес 10 мыңға жуық жас маманды жұмысқа орналастыруды (жыл сайын 2 мың адамнан) қарастырып отырмыз. Бұл, жастар жұмыссыздығының деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізу үшін жаңа орталықта жастар Арбаты салынады, – дейді партияішілік іріктеу праймеризінде оң нәтиже көрсетіп, қалалық мәслихатқа үміткер ретінде тізімге енген Ержан Нұрмағанбетов. Nur Otan партиясының Қарағанды қалалық филиалы сайлауалды бағдарламасында дамудың жеті негізгі басымдығына баса назар аударған болатын. 1. Экономикалық тұрақты қала. 2. Жайлы қала. 3. Әлеуметтік бағдарланған қала. 4. Жастарға арналған қала. 5. Тарихы мен мәдениетін дамыту. 6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар. 7. Қауіпсіз қала. Осы жеті негізгі басымдық туралы сөз қозғаған Қарағанды қаласы мәслихаты депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткер Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ректоры аппаратының басшысы, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлназ Мусина: – Ұстаздардың мәртебесін көтеру керек. Білім ошақтарында материалдық-техникалық базаны заман талабына сай жақсартуға тиіспіз. Зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға қолдан келген көмекті аямауымыз керек. Жастардың білім алуына жол ашуға тиіспіз. Қаламызда 250-дей ірі өндірістік кәсіпорын болса да қаланың біраз жастары жұмыссыз жүр. Міне, осы мәселені шешу мақсатында өз күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Сонымен қатар, қазіргі уақытта тендер ашық өткізіледі. Облыс аумағы ғана емес, Қазақстанның барлық аймағынан кәсіпкерлер осы тендерге қатысады. Міне, осының салдарынан жергілікті, өзінің техникалық базасы бар кәсіпорындар жеңіліп, керісінше сырттан қосылғандар ұтып кетеді. Мысалы, құрылыс саласында осындай олқылықтар көптеп кездеседі. Төмен бағаны қойған басқа аймақтан келгендердін жұмысынан не сапа күтуге болады? Сонымен, таза ауыз су мәселесі де өзекті. Қала тұрғындары таза су іздеп, ыдысымен көшеде жүр. Қаладағы аулаларды жарықтандыру, бейнекамера орнату да кезек күттірмейтін мәселе. Бұл – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірденбір жол. Сонымен қатар, үйлердін арасын, аулаларды асфальттау, балаларға арналған аландар құру керек. Жастар саясатына келсек, алдымен әрбір жоғары оқу орнын бітірген жас мамандарды жұмысқа орналастыруды міндетті қылуымыз керек. Жұмыс істеп тұрған балалар мен жасөспірімдер орталығын, спорттық, музыкалық мектептерге көмек берілуі тиіс. Бұл мәселелер шешімін табады. Қарағанды қаласында инженерлік желілерді қайта жаңарту және халықты орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету басым бағыттар болып табылады. Желілердің тозуы шамамен 70%- ды құрайды, Біз 2025 жылға қарай тозуды 20%-ға төмендету міндетін қоямыз. Соңғы жылдары Қарағанды қаласында қылмыс деңгейі төмендегені байқалады. Бұл бейнебақылау камераларының орнатылуына да байланысты. Аталмыш жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады. Мысалы, бейнебақылау жүйесін дамыту, қала көшелерін жарықтандыру, қылмысқа қарсы пәрменді күрес, жұмыссыздықты азайтуға жәрдемдесу арқылы Қарағанды тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінетін қалаға айналуы тиіс. Бұл үшін Nur Otan партиясы ықпалымен 2025 жылға дейін қаладағы 133 көшені жарықтандыру (6 мың жарық нүктесі) мен бейнебақылау камераларымен қамту аумағын 1,3 мыңнан 2 мыңға дейін ұлғайтуды көздеп отыр, – дейді.

Онлайн жиын барысында үміткерлерге мұғалімдерді толғандыратын мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды. Практикалық сабақ, факультатив, робототехника үйірмелері туралы қойылған сұраққа, Г.Мусина Қарағанды техникалық университетімен мектеп орындары ынтымақтастықта жұмыс істеуге болатынын айтты. Жеке үйлерге сапалы интернет жүргізудің мүмкіндігі туралы мәселесі көтерілді. Кандидаттар бұл мәселенің көкейкесті болып табылатынын, көп нәрсе интернет провайдерлеріне де байланысты екенін, алайда бұл мәселе мәслихат шақырылымдарының күн тәртібінде тұрғанын атап өтті. Кездесу соңында үміткерлер мұғалімдерге жиынға қатысқаны үшін алғыс айтып, сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Материалдың жариялану ақысы

Nur Otan партиясының Қарағанды облысы

Қарағанды қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button