АбайАймақ

Абай қаласында оқушылар құстарға 34 жылы ұя дайындады

Абай қаласында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Құстарға үй сыйлайық” шарасы өтті. Бұл акцияға жүзге жуық оқушы мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Іс-шара барысында құстарға арналған үйшіктер даярлау бойынша шеберлік сағаты өтіп, олар үшін 34 жылы ұя дайындалды.

Осынау шараға қатысқан Абай аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Әлия Әшімова бұл істе жас жеткіншектерді қолдап қана қоймай, құс ұя салатын қораптарды қалай дұрыс бекіту жөнінде көмектесті.

– Аталған жоба балаларымызды құс ұясын жасауға үйрету үшін ұйымдастырылды. Ол жас ұрпақтың табиғатты сүюге, адамдар еңбегін бағалауға баулуды көздейді, – дейді технология пәнінің мұғалімі Сабыр Бейсенбеков.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button