Қарқаралы

Станция ашылды

    Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттер мен тапсырмаларды орындау мақсатында, аудандық білім бөлімінің «Жас туристер» станциясы ашылды.

Аталмыш шараның ресми ашылуында аудан әкімінің орынбасары С.Әлиұлы аудан әкімінің құттықтау лебізін жеткізе келе, «Табиғаты көркем аймақта тұратын біз үшін бұл мекеменің ашылуы – қуанышты жайт, үйірме мүшелерінің таным түйсігінің артуына өзінің оң септігін тигізеді», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, оқушылардың қуанышын еселей түскен шараға облыстық мәслихаттың депутаты С.Оспанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Халел, білім бөлімінің басшысы А.Елеусізов қатысып, үйірме кабинеттерін аралап көріп, жасалып жатқан жұмыстармен танысты.

Балалар мен жасөспірімдердің танымдық және қоғамдық белсенділігін арттыра отырып, оқушыларға кәсіби бағдар беру, жауапкершілікті қалыптастыру, оларға бос уақыттарында табиғатқа шығу, түрлі туристік экспедицияларға шығу, сол арқылы өскелең ұрпақ бойында жерін сүюге деген сезімді қалыптастыру мақсатында құрылып отыр. Станцияда жас турист, өлкетану, экология, экскурсовод үйірмелері жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жас натуралист, тау туризмі, жас құтқарушы үйірмелерін ашу да жоспарланып отыр.

Станция бұл күні тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button