АбайАймақЖаңалықтар

Спортшы слесарьмен сұхбаттасты

Биылғы Жұмысшы мамандықтары жылына байланысты Топар кенті кітапханасының меңгерушісі Майра Шәріпова өздерінің тұрақты оқырманы, Топар ГРЭС-інің жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарі Данияр Сейсеновпен сұхбат құрды.

Осы кентте туып-өскен Данияр әңгімесінде өзі және еңбек жолы жайлы кеңінен әңгімеледі. Яғни ол 2023 жылдан бастап жоғарыдағы кәсіпорында жүкші болып, содан кейін күні бүгінге дейін слесарь болып жұмыс істейді екен. Оған дейін ол кәсіпкерлікпен айналысыпты. Бүгінде қырықтың қырқасындағы жігіт ағасы екі жоғары білімі бола тұра жұмысшы мамандығын таңдаған. Өйткені, ол жұмыста өсуді төменнен бастағанды жөн көреді.

Данияр жұмыстан бөлек спортпен де тығыз айналысады. Ол кір тасын көтеруден Қазақстан мен Азияның чемпионы болып табылады. “Қазақмыс” корпорациясы командасының құрамында республикалық “Жас сарбаз” жобасына қатысып, теледидарға да түскені бар.

Оның алдына қойған мақсаты да – бір орында тұрып қалмай, үнемі ілгерілеп, алға баса беру. Өзінен кейін өсіп келе жатқан жастарға да айтары осы оның.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button