Ақтоғай

Спорт мектебінде жаңа көлік

   Жақында Ақтоғай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі көлікті болды.

Бұған дейін  спортшылар жаяу-жалпы қатынап жүріп, жарыс­тарға қатысатын. Әсіресе, облыста өтетін жарыстарға спортшылардың баруына қиын тиетін еді. Міне, енді, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бұл қиындықтан құтылды. Алдағы уақыттарда мекеме спорттық шараларға Газель автокөлігімен қатынайды.

Судай жаңа көлікті арнайы барып табыстаған аудан әкімі С.Әбеуова спортшыларға сенім артты. Байрақты бәсекелерде биік тұғырдан көрінуіне тілек білдірді. Аудандық бюджеттен бөлінген автокөлік алдағы жылдары ауданымыздың спорт саласының игілігіне пайдаланылады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button