Спорт

Спорт – денсаулық кепілі

    «Молодежный» Мәдениет үйінде «Дені саудың – жаны сау» спорттық эстафетасы өтті.

Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды. Оған Пришахтинскідегі мектеп-интернаттар оқушылары мен тәрбиеленушілері қатысты.

Эстафетаны өткізудегі мақсат – жас буынды спортқа баулу, жат қылыққа әуестенуден арылту. Қоғамда салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Балалар екі топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Әрбір топтың өзіндік киім үлгісі болды. Ұл-қыздар ұрандарын айтып, зал толы көрермендердің қошеметіне бөленді.

Байқау барысында спортқа құмар жас өрендер шапшаңдық пен ұтқырлық танытуға тырысты. Топтық жұмыстың тиімділігін көрсетіп, белсенділік танытты.

Тартысқа толы өткен жарыста қос топтың да үздік екендігі анық аңғарылды. Олар жеңісті тең бөлісті.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button