Ресми

Спорт бұқаралық болуы қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді.

Президенттің бұл тапсырмасы Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының негіз қалаушы факторына айналды. Алға қойған басым міндеттерді жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2019 жылы дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін облыстық бюджеттен 11 млрд. 624 млн. 740 мың теңге бөлінді (2018 жылы – 9 млрд. 962 млн. 436 мың тенге, 2017 жылы – 9 млрд.180 млн. 018 мың тенге). Осы қаражаттың игерілген сомасы – 11 млрд. 623 млн. 772 мың теңге немесе 99,99% болды.

Аймақта 3140 спорт ұйымы мен дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейді, оның қызметімен 417 мыңнан астам азамат қамтылған. Балалар мен жасөспірімдердің 44 спорт мектебінде айналысатындар саны 890 адамға ұлғайып, 30 131 тәрбиеленуші болды, оларда спорттың 68 түрі дәріптеледі. Тұтастай алғанда облыста спорттың 100 түрі табысты дамып отыр: оның ішінде спорттың олимпиадалық түрі – 44, олимпиадалық емес түрі – 56. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасына біздің 1 328 спортшымыз кіреді.

Есепті мерзім ішінде біздің аймақ өкілдері түрлі дәрежедегі 1 019 жарысқа қатысты, оның ішінде 114 облыстық, 569 республикалық және 336 халықаралық жарыстар бар. Олар мұнда 9 234 (2018 ж. – 8 687, 2017 ж. – 7989) медаль жеңіп алған болса, оның ішінде 2 991 алтын медаль. Облыс спортшылары 2019 жылы 33 чемпионатта және Азия Кубогінде және Әлем Кубогінің 77 кезеңінде, Әлем Кубогі мен чемпионаттарында Қазақстанның атынан өнер көрсетті. Азия біріншіліктерінде 97 медаль (41 алтын, 36 күміс, 20 қола), әлем біріншіліктерінде – 82 марапатқа (тиісінше 28, 20, 34) ие болды. Облыс аумағында халықаралық және республикалық маңызы бар 130 жарыс өткізілді.

Спортшылар рейтингтік турнирлерде Қарағанды облысынан ХХХІІ Жазғы Олимпиадалық ойындарға (Жапония, 24 шілде – 9 тамыз 2020 ж.) спорттың он түрінен 15 үміткер адамның құрамы бекітілді. Екі лицензияны – Екатерина мен Александра Немич (артистік жүзу), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресінен) қазірдің өзінде жеңіп алды.

Білікті кадрлар даярлау және облыстың жетекші спортшыларына әлеуметтік қолдау көрсету үшін 2019 жылы облыстың ЖОО-да «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алуға он грант бөлінді.

Чемпиондар даярлайтын Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, талантты балалардың мектеп-интернаты 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап спорт колледжі мәртебесіне ие болды, енді онда балалармен жұмыс істейтін білікті жаттықтырушы-оқытушылар кадрларын дайындау жүргізілуде. «Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы» мамандығына 30 оқушы қабылданды (15 – қазақ, 15 – орыс бөлімшесіне).

Облысы әкімінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындарымен есепті кездесуінде берген тапсырмасына сәйкес, спорттың 23 түрі бойынша облыстың спорт ұйымдарына жаттықтырушы-оқытушылардың қосымша 50 ставкасы үшін 39 млн. теңге сомасында қосымша қаражат бөлінді. Олар 2019 жылдың 1 қыркүйегінен жұмысқа кірісті және ауылдық жерлерде спорт жөнінен 50 нұсқаушыға жалақы тағайындалды.

2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының «Спорт» аталымы бойынша 5 жеңімпаздың ішінен Қарағанды облысының екі өкілі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Абылайхан Жүсіпов пен Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Иван Сергеевич Снегуров жеңімпаз атанды.

Басқарманың жұмыс тиімділігі мынадай көрсеткіштермен бейнеленетін мақсатты индикаторлармен анықталады:

тұрғындардың 1000 адамға шаққанда 2019 жылы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі – 55,5% болды (2020 жылға жоспар – 58%);

– облыстағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 2019 жылы 30,3 немесе 417 136 адам болды. 2020 жылға жоспар – 30,5% (2018 жылы – 30,1 % немесе 415 158 адам, 2017 жылы – 30,0 % немесе 414 166 адам).

2019 жылы облыс бойынша 567781 адам қамтылған 9404 спорттық-бұқаралық шара өткізілді, оның ішінде қалалар мен аудандардан 22 мың спортшы қатысқан облыстық он спартакиаданы атауға болады.

Облыста ұлттық спорт түрлері (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату) табысты дамып келеді, онымен 42118 адам айналысады. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасына 18 спортшы кіреді. Аймақтағы мүмкіндігі шектеулі 3835 адам спорттың 29 түрімен айналысады. ҚР Ұлттық құрама командасына 90 спортшы кіреді.

2020 жылдың 25 тамызынан 6 қыркүйеккке дейін Токио қаласында (Жапония) ХVІ жазғы Паралимпиадалық ойындар өтеді. Қарағанды облысынан тірек-қозғалыс аппараты зақымданған және көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында спорттың үш түрі басым бағыт болып белгіленді. Құрамы жеті адам болатын үміткер спортшының тізім құрамы бекітілді (жүзу – 4, жеңіл атлетика – 2, мылтық ату – 1). Осы Ойындарға қатысу үшін паралимпиадалық бес спортшы – Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев, Әлия Рахымбекова (жүзу), Айдос Жылқышинов (мылтық ату), Дастан Мұқашбеков (жеңіл атлетика) қазірдің өзінде лицензия ұтып алды. Қалған екі үміткер 2020 жылдың қаңтарынан мамыр айына дейін рейтингті халықаралық турнирлерде паралимпиадалақ нормативтер орындайтын болады.

Дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау үшін тиісті инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор. Облыста 3046 спорт құрылғысы жұмыс істейді, оның ішінде 1 184 бірлік – ауылдық жерлерде. Үш жыл ішінде ұлғаю 150 бірлікті құрады.

Өткен жылы Абай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, Қарқаралы қаласында ДШСК-нің құрылысы, Шахтинск қаласында бассейні бар спорт нысанының құрылысы жалғасын табуда. Бюджеттен тыс қаражатқа Теміртау қаласында ДШСК, Қарағанды қаласында Теннис орталығы және екі спорт кешені салынуда. Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Саран қаласының Ақтас кентінде, Нұра селосында, Ботақара кентінде ДШСК үшін жобалау-сметалық құжаттамалар жасалуда және Атасу кентінде жабық жүзу бассейні, Қарағанды қаласында 50 метрлік жабық жүзу бассейні салынбақ. Өткен жылы облыс бойынша 29 хоккей корты, жасанды жабындысы бар 34 спорт алаңшасы және 10 Street Workout спорт алаңшасы орнатылды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы бірлескен eSPORTkrg.kz интернет-порталының және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының WTO ақпараттық жүйе орталығының eSPORTkrg ұялы қосымшасы жұмыс істей бастады. Аталған ресурстардың көмегімен тұрғындардың алда тұрған спорт шаралары, спорт мектептері, өңірдегі федерациялар мен клубтар туралы, олардың жұмыс кестесі, жаттықтырушылар туралы ақпараттар алуына, спорт нысандары бейнеленген электрондық карталарды, спорт секцияларының орналасқан жерлерін көруіне және баласын спорт мектептеріне жаздыру үшін өтінім беруге мүмкіндігі болады.

Басқарманың 2020 жылғы қызметі негізгі міндеттерді шешуге бағытталатын болады. Оның біріншісі – Жапонияда өтетін Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындарға лицензиялар мен медальдар ұтып алу және біздің спортшылардың төртжылдықтың басты старттарында тамаша өнер көрсетуі.

Екінші міндет – спорт инфрақұрылымдарын дамыту. Бұл бағытта биылғы жылы спорт нысандары санын 45 бірлікке ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл – үш ДШСК, екі ССК, 28 спорт алаңшасы, 12 көпсалалы хоккей корттарын салу. Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 58%-ға (2019 ж. – 55,5%) жетуі тиіс.

«Шахтер» стадионындағы футбол алаңын қайта құру үшін жобалау-сметалық құжаттары жасалып жатыр. «Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры» қоғамдық ұйымы мен «Шахтер» ФК» АҚ инвестор іздестіру үстінде.

Облыста ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін барлық талаптарға сәйкес келетін ипподром құрылысын салу қажеттілігі бар. Ол үшін жер телімін (50 гектар) іздестіру және ипподром салу жобасын анықтау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылы өңірдің бірталай спорт нысандарына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Спортшылардың республикалық және халықаралық деңгейлердегі біріншіліктерге қатысуын қамтамасыз етуге, Қарағанды облысында жарыстарды ұйымдастыруға және қатыстыруға, спорт мектептерінің тиімді және сапалы жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлінетіндігі сөзсіз.

Сол сияқты келешекте:

– Теміртау қаласы филиалының үлгісімен Ә.Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжінің Жезқазған филиалын ашу;

– Дене шынықтырумен және спортпен айналысатындарды орталықтандырылған медициналық қызметпен қамтамасыз ету, дәрігерлік бақылау, спортпен айналысатындарды оңалту және допингке қарсы бақылауды күшейту үшін Қарағанды қаласында дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерін құру;

– Қарағанды қаласында Күрес орталығын салу міндеттері тұр.

Басқарманың қызметі дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыруға – дене шынықтыру-спорттық тәрбие берудің жалпы халықтық жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыру, бұқаралық спортты, жоғары жетістіктер спортын дамыту және инфрақұрылымды жетілдіру арқылы тұрғындарды тәрбиелеуге бағытталған. Кейінгі үш жыл бойы Қарағанды облысы Қазақстандағы дене шынықтыру мен спортты дамытуда алдыңғы қатарда келеді. Дегенмен, алдағы уақытта халықты сауықтыруға және сау, бәсекеге қабілетті ұлт тәрбиелеуге бағытталған көптеген жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыру міндеттері тұр

Темірхан АБЫЛАЕВ,

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы

басшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Back to top button